Мәселе

Петропавлда анасы мен өгей әкесі 6 жасар баланы тістеуікпен, сыммен азаптаған

  • https://islamnews.ru/

    https://islamnews.ru/

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығында туған анасы мен өгей әкесі 6 жасар ұл баланы азаптады деп айыпталуда. Мәліметтерге сәйкес, баланы қорлау кезінде тістеуік, сымдар қолданылған. Олар кішкентай баланы тұншықтырып, ұрып-соғу үшін дәретханада арнайы таяқ ұстаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Зардап шегуші медициналық мекеменің жан сақтау бөліміне жеткізілді. Алайда, оны анасы алып кеткен.


Тәртіп сақшылары баланы тек құтқарушылар келіп, пәтер есігін ашқаннан кейін ғана стационарға қайтара алды.

Бұл қорқынышты оқиғаның мән-жайы "Еуразия" бірінші арнасының сюжетінен белгілі болды.


Баланың әжесі Еленаның сөзінше, өгей әкесі ұлды тұншықтырып, орындыққа лақтырып, қабырғаға басымен ұрған.


Әйел адамның сөзінше, немересінің бүкіл денесі көгеріп жүреді, басында үлкен гематома бар, азаптаудан тіпті, тырнақтары көгеріп кетіпті, ал маңдайында қызып тұрған картоп езгіштің ізінен қалған күйік бар.

Оның пікірінше, баланы тістеуікпен азаптаған. Ол біраз уақытқа дейін дұрыс ұйықтай алмай, түнде үнемі айқайлап, оны ұрмауын сұрап, жалбарынады екен.


Баланың туған әкесі Руслан дәретханада азаптауға арналған арнайы таяқ тұрғанын айтады.


Ер адамның сөзінше, балақай үйдегілердің өзін сыммен байлап, түнде тұншықтыратынын айтқан. Оның сөзін қолдағы іздері растайды.

Ол бұрынғы әйелінің күйеуі баланы үнемі мазақ қылғанын мәлімдеді.


Телеарнаның мәліметінше, бұған дейін баланың өгей әкесі тұрмыстық зорлық-зомбылық ісі бойынша айыпталған. Оның жұбайына тіпті, қорғану нұсқамасы беріліпті.


Атап өтілгендей, бала эпилепсиямен ауырады. Туған үйінде көрген қорлығынан кейін оның жағдайы нашарлай түскен.


Балақайдың белгісіз себептермен тегі өзгертілгеннен кейін құжаттармен қиындықтықтар туып, ол мектепке бара алмай қалыпты.


 




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.12.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31