Мәселе

Петропавлда салынып жатқан ойын алаңдарының сапасы сын көтермейді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Петропавлда жаңадан салынып жатқан ойын алаңдарының сапасы сын көтермейді. Олқылықты арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген мониторингтік топ анықтады.

 

Шаһарда екінші жыл қатарынан аулаларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ көбінде арнайы қауіпсіздік жабындысы жоқ. Әрі қоршалмаған.

 

Қалалық әкімдік балалар ойын алаңдарының «авторлық дизайн туындысын» сатып алу үшін кәсіпкермен екінші жыл тікелей шарт жасасқан. Бірақ жоба құны биыл әлдеқайда қымбат болып отыр.

 

Жалпы бұл мақсатқа бюджеттен 145 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оған 52 жоба жүзеге асуы керек. 

 

Айгүл Шоқанаева, қала тұрғыны:

 

- Осы үйдің ер азаматтары құм тасып, кем-кетігін өздері қалпына келтіріп жатыр. Әткеншектері де ыңғайсыздау. Әйтеуір жоқтан бар деп отырмыз қазір.

 

Руслан Асаубаев, арнайы мониторингтік топтың мүшесі:

 

- Былтыр дәл осы жобаның құны 2,5 миллион теңге еді. Биыл ол бірден үш жүз мыңға қымбаттап кеткен. Неге екені белгісіз. Оның үстіне алаңқайларда құм жоқ, әрі қоршалмаған. Тағы жабындысы болуы керек. Дәл осындай ойын алаңқайын біз интернеттен іздеп тауып бағасын салыстырдық. Оның құны мыналардан әлдеқайда төмен.

 

 

24.kz




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 02:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30