Мәселе

Плакат үшін темір торға түскен жігітті әскерге алып кетті: министрлік түсініктеме берді

  • © Sputnik / Виталий Белоусов

    © Sputnik / Виталий Белоусов

Алматы марафоны кезінде "Шындықтан қаша алмайсың" деген плакатпен көшеге шыққан белсенділердің бірі Бейбарыс Толымбековты әскерге алып кетті. Бұл туралы құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль Facebook парақшасында хабарлады.


Қорғаныс министрлігі Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, плакатқа қатысты оқиғадан бұрын Толымбеков өз еркімен жергілікті әскери басқармаға келіп, борышын өтуге ниет білдіріпті. Алайда ұсталғаннан кейін әскери қызметін өтеуді кейінге қалдыруды сұрап өтініш жазған, бірақ бұл өтініші қабылданбады.



"Заңды негізі жоқ болғандықтан, алматылық белсенді Бейбарыс Толымбековтың әскери борышын өтеу мерзімі кейінге шегерілген жоқ. Медициналық комиссия оның әскери қызметке жарамды екенін растады. Толымбеков әскери борышын өтеуге шақырылды", - деп хабарлады қорғаныс ведомствосы.


Әскери борышын өтеу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігі Қазақстан заңнамасының 35-бабына сәйкес беріледі.


"Заң бойынша сот ісіне байланысты уақыт кейінге шегерілмейді, ал ол емделуі тиіс екенін растайтын медициналық анықтама ұсынған жоқ", - деп атап өтті Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы Амантай Өсербаев.


Өсербаев атап өткендей, әр жас жігіттің аз болса да әскери білім алғаны жөн.


"Отанымызға қауіп төнгенде аз да болса әскери тәжірибесі бар адамдар елімізді қорғауы тиіс. Әр сарбаз әскери борышын өтеу кезінде сондай тәжірибе алады", - деп ойын түйіндеді Өсербаев.


Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Толымбеков Отар әскери бөлімшесіне борышын өтеуге жіберілді.


"Шындықтан қаша алмайсың" плакатына қатысты оқиға


Айта кетсек, 21 сәуірде Алматыдағы ірі марафон кезінде белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков әл-Фараби даңғылына "От правды не убежишь. У меня есть выбор" (Шындықтан қаша алмайсың. Менің таңдауым бар) деп жазылған плакатты алып шығып, іліп қойды. Сол үшін екеуі де 15 тәулікке қамауға алынды.


Абақтыға түскендер апелляциялық шағым түсірсе де, 22 сәуірде сот шешімі өзгеріссіз қалған.


Қамауға алу мерзімі 6 мамыр күні таңертең аяқталуы тиіс еді, алайда Әсия мен Бейбарысты бір күн бұрын босатты.


 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.05.2019, 14:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30