Мәселе

Полицейлермен карта ойнаған жігіттің асылып қалғаны туралы ақпарат тарады

  • http://www.bagnet.org/

    http://www.bagnet.org/

Әлеуметтік желіде Алматы облысы тұрғынының полицейлермен карта ойнап, артынан өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті бұған қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Бұл оқиға туралы Facebook-тегі Талдыкорганец парақшасынан белгілі болды.

 

Блогер Қайрат Абдрахман өзіне Whats app мессенджері арқылы келген хаттың мазмұнын жария етті.

 

Онда 24 желтоқсан сағат 16.00 шамасында Ақсу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғынның суицид жасап қайтыс болғаны туралы хабарлама түскені айтылды.

 

 "25 желтоқсан күні түнгі сағат 1.15 шамасында Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің алдына жасы 20-30-дардағы 80 адам (қайтыс болған тұрғынның достары) жиналды. Олар билік өкілдерінен Аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Байжұманов Бағлан Байжұманұлы мен Аудандық полиция бөлімінің орынбасары Бекішев Жомарт Төлебайұлына шара қолдануды сұрады. Жиналғандардың сөзінше соңғы аталған қызметкерлер 23 желтоқсан түнде "Ази" ойынын ойнаған. Нәтижесінде Д.С. есімді азамат полиция қызметкерлеріне 300 мың теңгеге ұтылып қалған. Сондай-ақ, Бекішев қарыз болған Д.С. есімді азаматқа қоңырау шалып, 24 күнгі түскі 14.00- ге дейін ақшаны қайтаруды талап еткен. Сол күні ұтылған азамат өзіне қол салып, қайтыс болды", - деп жазады Талдыкорганец парақшасында.

 

Әлеуметтік желіде жария болған видеодан жергілікті билік өкілдері аудан әкімдігінің алдына жиналған азаматтарды жиналыс залына кіргізіп талаптарын тыңдағаны белгілі болды.

 

Тұрғындар аталған екі полицейге қатысты шара қолдануды талап етіп, аудан прокурорына ұжымдық шағым жазған.

 

Сондай-ақ жиналғандар аталған Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін лауазымдарынан босатуды талап етіп отыр.

 

Аталған жайтқа қатысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек мәлімдеме жасайтынын жеткізді.

 

 




Көрілген: 2129    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28