Мәселе

Полиция 15 жасында балалы болған қыздың ісін не үшін тоқтатқанын айтты

  • ©ЭК

    ©ЭК

15 жасында ана атанған жасөспірім әкеден де, шешеден де мейірім күтпейтінін айтты. Сәбидің әкесін қатты жақсы көргендіктен жеңгесіне алғашында шешесінің азаматтық некедегі күйеуі зорлады деп айтқан. Полиция қылмыстық істің тіркелгенін, алайда кейін тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Мектеп оқушысы Гүлмира (есімі өзгертілді: ред) өзінің бір мектепте оқыған ауылдасымен төсектес болған. 15 жасында баласын босанады.

 

Қыздың жүкті екенін жеңгесі байқаған. Алайда жігітті қатты жақсы көргендіктен өзін шешесінің азаматтық некедегі күйеуі зорлады деп айтқан. Уақыт өте ол іштегі баланың әкесі ауылдасы екенін мойындады. 21 қаңтар күні Қазығұрт аудандық полиция бөліміне кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық іс-әрекеттер дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары келіп түскен. Аталған жәйт 122-баптың 3-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша тіркелді. Алайда екі жасөспірімнің өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскені анықталып қылмыстық іс тоқтатылды.

 

"Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер күдікті ретінде жәбірленуші құрдасының кім екенін анықтады. Сараптама тағайындалып, нәтижесінде баланың әкесі кәмелетке толмаған жасөспірім екені белгілі болды. 15 жасар қыздың әкесі күдікті деп танылған балаға қатысты ешқандай шағым-талаптардың жоқтығын айтты. Осыған байланысты 21 сәуір күні сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тоқтатылды. Бас прокуратура мен Түркістан облыстық прокуратурасы бұл шешіммен келісті",-деді Полиция департаментіндегілер.

 

Қыз сәуір айында дүниеге сәби әкеледі. Оны перзентханадан жігіттің анасы шығарып алып, тіпті онымен Шымкентте бірге тұрған екен. Алайда арадағы келіспеушіліктен кейін қыз баласын алып, өзінің анасының қолына кеткен. Ал әкесінің туыстары егер анасымен араласса, байланысты үзетіндерін ескерткен.

 

Гүлмираның ата-анасы ажырасқан. Бүгінде әкесінің өз отбасы бар.

 

Анасымен пәтерден-пәтерде күнелтіп келген жасөспірімді Қазығұрт ауданының тұрғындары байқап, дағдарыс орталығынан көмек сұраған екен. Орталық мамандары балалы қызды панасына алды.

 

©ЭК

 

"Бізге келген кезде жағдайы өте қиын еді. Үсті-басы биттеп кеткен. Баланың да жағдайын қиын болды. Гүлмира қазір мектепке барып жүр. Екеуінің де жағдайы жақсы. Қыздың қасында анасы бар. Біз қазір баланың құжаттарын реттеп жатырмыз. Қыздың анасымен де сөйлесіп, қамқорлыққа алуын сұрап отырмыз. Өйткені сәбиді балалар үйіне өткізіп жіберу қаупі бар. Анасы он алты жасқа толмаған. Әкеден де, шешеден де мейірім көрмей өскен қыз баласынан айырылғысы келмейді",-деді дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова.

 

Орталық директоры қыздың әкесі кешірім үшін 2 миллион теңге тұратын жерді алып, оны інісінің атына рәсімдегенін айтты. Жерді сәбидің әкесінің туыстары берген екен. Егер сол жердің ақшасы қызға берілсе, баспана алуына көмек болар еді дейді. Ерікті жандар жасөспірімнің тағдырына алаңдап, көмектерін беріп жатыр. Он бес жастағы ананың ендігі арманы — баспана алу.

 

"Ол жігітпен мен 13 жасымда таныстым. Оны жақсы көрдім. Әкеден көрмеген мейірімді содан іздедім. Ол бала өзінен емес екенін айтып, қашып жүрді. Қазір де жоқ. Жеті ай болды. Тым болмағанда балаңды көріп кет деген жазбаларыма да жауап жоқ. Барлық жерде мені бұғаттап тастаған. Ол жігітпен танысқаныма, кездескеніме өкінемін. Үйім болса деймін. Баламнан айырылғым келмейді. Бауырларымды қолыма алар едім",-деді жас ана.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1589    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 00:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31