Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Полиция 200 адам жиналған тойды тарқатты

08 ақпан 2021, 10:27

Шымкенттік полицейлер мейрамханада өтіп жатқан 200 адамдық тойды тоқтатты, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында орналасқан барлық әлеуметтік нысандардың тарапынан карантин талаптарының сақталуын бақылау және басқа да құқық бұзушылық деректерінің жолын кесу бойынша рейдтік шараларды жүйелі түрде өткізіп отырады.

 

Мысалы, 2021 жылдың 6 ақпанында Абай ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара өткізу барысында &ldquoМұса&rdquo тойханасында той өткізіліп жатқанын анықтаған. Полицейлер мерекелік іс-шараны тоқтатып, тойға келген 200-ге жуық адамды үйіне қайтарды.

 

Тойхана иесін карантин режимін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) сәйкес жинақталған материалдар Абай ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

 

Тәртіп сақшылары карантин талаптарын бұзудың кез-келген жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді.