Мәселе

Полиция Алматы орталығында митингке шақырған бірнеше адамды ұстады

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматы полициясы қала орталығында митингке шақырған және көлік қозғалысын бұғаттамақ болған бірнеше адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


Алматыда Орталық стадион маңында бірнеше адам ұсталды. Сондай-ақ, Астана алаңына жақын жерде полиция бірнеше адамды ұстады.



Таяуда қашқын олигарх Мұхтар Әблязов және экстремистік ұйымның соты тыйым салған "ДВК" жақтастары алматылықтарды 12 маусымда кешкі уақытта жаппай митингке шығуға шақырды. Қалада қозғалысты бұғаттауға шақыру таралды.


Алайда, 19.15-де қаладағы жағдай тыныш екенін байқауға болады.


Айта кетейік, Мұхтар Әбілязов Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Қазақстанда өмір бойына сотталды. Ал 2017 жылы қашқын банкирді миллиардтаған қаржыны жымқырғаны үшін 20 жылға соттаған еді. Қазір ол шетелде сот төрелігінен жасырынып, Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының идеяларын насихаттайды.



Осыған дейін, Қазақстанның Бас прокуратурасы бірнеше рет заңсыз митингілер мен шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіні туралы мәлімдеді. Ведомство өкілдері заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар адамдарға қатысты қолданыстағы заңнама аясында қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қолданылатынын айтқан еді.


 




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 22:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31