Мәселе

Полиция көлігінің айнасы жоғалғанын жазған кәсіпкерге қатысты іс қозғады

  • https://stan.kz

    https://stan.kz

Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желіде көлік айналарының ұрланғанын жазған кәсіпкер Ұлықбек Шәріповке жауап беріп, үстінен із қозғады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.


Танымал кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов Instagram желісіндегі парақшасында көлігінің айналары ұрланғанын жазып, темір тұлпардың айнасын ұрлайтындар қанша ақша табатынын есептеп, жазба қалдырған еді. Қала полициясы оның өтінішіне жауап берді.


"Ұ. Шәріповпен жүргізген келіссөздер барысында азаматтың шетелде жүргені анықталды. Ешқандай ұрлық жасалмаған. Ол жазбасында танысының басынан өткен фактіні суреттеген. Біз сол адаммен байланысқа шықтық. Ол 11 қыркүйекке қараған түні кафелердің біріне тиесілі тұрақта көлігінің бір айнасын ұрлап кеткенін растады. Бірақ ол туралы полцияға хабарлауды жөн көрмепті. Осылай Шәріпов жазбасында бұрыс ақпарат беріп, қоғамды әдейі шатастырды. Сонымен қатар, ол жазбасында күмән тудыртатын статисканы көрсетті. Есептеулер тек субъективті көзқараспен жазылған. Әлеуметтік желіде объективті ақпарат қана таралуы тиіс. Шәріпов БАҚ-ты және ақпаратты-коммуникациялық жүйелерді пайдаланып, жалған ақпаратты таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274 бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", — дейді Алматы қаласы полиция департаментінің жетекшісі Серік Күдебаев.


Сондай-ақ департамент басышысы оңтүстік астанада қылмыс деңгейінің азайғанын түсіндірді.


"Жасалатын қылмыстың 72 пайызы — бөтен адамның мүлкін тонау. Біз ұрлықтың алдын-алуға және оларды анықтауға ерекше көңіл бөлеміз. Жаяу патрульдеуді максималды бағыттадық, видеобақылау камерасының санын арттырдық, арнайы нақтыланған және жергілікті өтеулерді жүзеге асырамыз. Қалада сегіз айдың ішінде біреудің мүлкін ұрлау 8 пайызға төмендеді. Аса ауыр қылмыстарды анықтау 35,7 пайызға артты", — деді Күдебаев.


Қалада сегіз айдың ішінде пәтер тонау 2,1 есе, ұялы телефондарды ұрлау 2 есе, қалта ұрлықтары 35,9 пайызға, көлік салонынан ұрлау 2,1 есе, көлік айналарын ұрлау 4,2 есе, түсті және қара металдарды ұрлау 25,3 есе төмендеді.


 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.09.2019, 18:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31