Мәселе

Полиция күні: Алматы полициясының басшылығы Фурманов шыңын бағындырды

  • Полиция күні: Алматы полициясының басшылығы Фурманов шыңын бағындырды

    Полиция күні: Алматы полициясының басшылығы Фурманов шыңын бағындырды

Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы Фурманов шыңын бағындырды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицейлер ауа райының қолайсыздығына қарамастан өткен күні шыңға шықты. Шыңды бағындырушылар қатарында Алматы ПД басшылығы, аудандық басқармалар мен полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ, департаменттің дербес бөлімшелері болды. «Шынымды айтсам, бұл - біздің қызметкерлердің тауға бірінші сапары емес. Кәсіби болмаса да, бірақ жоғары сапалы әуесқой деңгейінде болды. Жол оңай болған жоқ, тұман мен жаңбыр да белгілі бір қолайсыздық туғызды. Бірақ, шыңға шыққандардың алдында жалғыз мақсат болды - қашықтықты соңына дейін және барлық құраммен жүріп өту. Шыңға көтерілгеннен кейін дәстүр бойынша Қазақстанның әсем туы желбіреді», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов. Спикер бұл іс-шара қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылғанын атап өтті. Бұл жастарға патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбие тұрғысынан жақсы үлгі. 
ҚазАқпарат




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 14:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31