Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді

26 қаңтар 2022, 16:21

Ер адамның мәйіті табылған соң, Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу - еск.) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Елордалық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде тараған "ӨКМ Операторы" ЖШС топ-менеджерлерінің бірі қайтыс болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ер адамның мәйіті табылған соң, Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу - еск.) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігі үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғаны хабарланған болатын.