Мәселе

Пойыз жолаушыларының Ақмола облысы аумағында аялдауына тыйым салынады

  • https://kokshetau.asia/

    https://kokshetau.asia/

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы &ndash вице-премьер Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

 

Өңірде тіркелген СOVID-19 фактісі қазан айының қорытындысы бойынша 2,7 есеге артқан.

 

Ведомствоаралық комиссия төрағасы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 9 қарашадан бастап облыс әкімдігіне бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды, атап айтқанда:

 

Көкшетау қаласының периметрі бойынша блок-бекеттер орнатуды;

 

*күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатуды;

 

*Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасын аптасына 2 рейстен 1 рейске дейін қысқартуды;

 

*Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартуды;

 

*пойызбен қатынайтын транзиттік жолаушылардың облыс ішінде аялдауына тыйым салуды (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда);

 

*діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

 

*жұмыс күндері үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орындық объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін, жұмыс режимін қысқарта отырып шектеуді;

 

*жұмыс күндері сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, көлемі 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендердің жұмысын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеуді;

 

*стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесті қамтамасыз ететін жұмыскерлерін қоспағанда, облыс елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеуді;

 

*65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;

 

*қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді; офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салуды тапсырды.

 

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 15:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31