Мәселе

Пойызда жолаушы әйелді зорлау ісіне қатысты тың дерек шықты

  • © Sputnik / Ксения Воронин

    © Sputnik / Ксения Воронин

Қостанай облыстық соты "Тальго" пойызында әйелді зорлау ісі бойынша апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды alau.kz.


Белгілі болғандай, судья істі қосымша тергеу үшін прокуратураға қайтарды. Қостанайдың №2 сотында барлық айғақ зерттелмеген. Сот алқасы бірінші инстанция үкімінің күшін жойды.


Бұған дейін, "Тальго" пойызының жолсеріктері Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы (зорлау) бойынша кінәлі деп танылған еді. Осылайша олар 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Жәбірленуші тарап сот үкіміне қанағаттанған жоқ. Прокурор кінәлілерді алты жылға соттауды сұраған болатын.


Тальгодағы оқиға


Жаға ұстатарлық оқиға өткен жылы қыркүйек айында болған. Бұл туралы 2018 жылдың қараша айында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы" қорының басшысы Дина Таңсәрі жазды. Оның айтуынша, елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған.


Судья бұл оқиғаны жабылып зорлау деудің орнына "әдеттегі әйел зорлау" деп бағалады.


Бұл оқиға қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бас көлік прокуроры жолсеріктерге шығарылған сот үкімі қайта қаралатынын мәлімдеді. Ал Қазақстан темір жолы зорланған әйелден кешірім сұрады.


Жақында жәбірленуші әйел ел алдына шығып, басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берген болатын.


sputnik





Көрілген: 1918    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 16:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30