Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Пойызда зорлаған": Жас қыз әділдік іздейді

07 ақпан 2023, 15:03

Дина Таңсәрі болған оқиғаны өзінің Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, оқиға кезінде кезінде қыз ес-түссіз күйде айғайлап, қарсылық көрсете алмаған. Ал сараптамаға бұл деректер енгізілмеген. Ер адам өзінің белсіз екенін айтып зорлағанын мойындамаған. Тіпті керсінше, қыздың өзіне зорлады деп айып таққан.

 

Бір қызығы биологиялық сараптама бәрін растағанымен ол сотқа жетпей ер адам жазадан құтылған. Тіпті айыпталушының екі адвокаты қыздан сұрақ алу барысында қысымға алғанда ол сол жерде талып қалып, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болады.

 

Қыз бұрын әйелдерге арналған сымбатты қалыпқа келтіру массаж салонында бір ай уақыт әкімші болып жұмыс істеген. Адвокаттар сот алдында осы деректі алға тартып оны барынша жаман көрсетуге тырысқан. Мәселен бойжеткеннің жұмыс істеген салонын судья алдында жезөкшелерге арналған сауна деп көрсеткен. Осылайша іс барынша бұрмаланған.

 

“Қыз жақында тұрмысқа шықты. Өзі зиялы отбасынан шыққан, күйеуі әскери адам. Келіншек бастан кешірген стресстің арқасында бір жылда 15 кг салмақ қосқан. Мен мұны әрбір зорланған екінші әйелде болатын эндокриндік жүйенің бұзылуынан екеніне сенімдімін. Бірақ адвокаттар судьяға мұндай салмақты тастау өзінің қолында екенін айтып сендірген”,- деді Дина Таңсәрі.

 

Ер адам ақталды. Алайда бүгін ақтау үкімі жойылып, іс қайта қаралмақ.