Мәселе

Пойыздағы ауыз суға қатысты ақпарат жолаушыларды шошытты

  • https://otvet.mail.ru/

    https://otvet.mail.ru/

Instagram пайдаланушылары жолаушылар пойыздарының вагондарында орнатылған диспенсерлердегі су қауіпті болуы мүмкін, себебі оған «бірдеңе қосады» деп жазылған постты талқылауда. Бұл туралы жолаушымен әңгімелескен кезде жолсеріктің өзі айтқан екен деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

Пост мәтініне қарағанда, оқиға «Алматы-Павлодар» бағытындағы пойызда болған. «ҚТЖ» АҚ әкімшілігі ауыз суға қандай да бір қоспалардың салынатыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды.

 

&ndash Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені кулерлерге құйылатын ауыз суға бөтелкедегі судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын барлық қажетті құжаттар бар, &ndash делінген «ҚТЖ» АҚ жауабында.

 

Сондай-ақ, компания өкілдері болған жағдай туралы қосымша ақпарат жинауға кіріскендерін мәлім етті. Жақын арада тергеу басталады, оның қорытындысы туралы су сапасына шағымданған қазақстандыққа хабарланады.

 

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз!

 

 

 




Көрілген: 2764    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 15:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31