Мәселе

Пойыздағы төсекжапқышқа дыбыс жазатын құрылғы жасырылғаны рас па? (фото, видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Желіде қазақстандық пойызда түсірілген видео тарап жатыр. Видео авторларының айтуынша, жамылғыдан тыңдауға арналған құрылғы табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқырмандар видеоны редакцияның WhatsApp-нөміріне +7 777 001 44 99 жолдаған. Ер адам камераға төсек-орын жабдығының таңбасын көрсетеді, онда қазақстандық өндіруші фирманың атауы жазылған. Сосын ер адам таңбашаны кесіп, ішінен бір зат алып шығады.

"Ішінде дыбыс жазатын құрылғы бар. Мұнда чип, магнит, антеннасы бар", - дейді видеоның авторы.

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі осы видеоға қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желіде таралып жатқан видеода RFID-технологиясы (Radio Frequency Identification) түсірілген. Бұл - электрон сәйкестендіру белгісі. Ол мобиль және стационарлық құрылғылар арқылы осы жұмсақ заттарды қабылдау және өткізу кезінде санауға мүмкіндік береді. Белгі қай күні берілгенін, қай күні қолданысқа енгенін, жоспарлы өңдеу қашан жүргенін, жолаушылар пойызында заттарды санауға автоматтандыруға мүмкіндік береді", - дейді ұлттық компания өкілдері.

Сондай-ақ, ҚТЖ жолаушылардан компания меншігін бүлдірмеуге шақырды.

RFID-белгілер әр түрлі болады, оларды кітапханада, киім дүкендерінде, медицинада, багаждарды бақылау жүйесінде және басқа да салаларда қолданады.  

sn.kz




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.11.2019, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31