Мәселе

Премьер-Министр Арыс тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үйлерді аралап көрді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Арыс қаласына келген Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин жарылыстан зардап шеккен халықтың жай-күйімен танысып, Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге снарядтан зақым келген тұрғын үйлер мен нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Үкімет басшысы күні кеше үйлеріне оралған арыстықтармен сөйлесіп, оларға тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.


«Елбасы мен Президенттің тапсырмасы бойынша бүгін Арысқа келіп отырмыз. Бұл жағдай бойынша Үкіметтен арнайы комиссия құрылған. Алдағы бір айдың ішінде қалпына келтіру жұмыстары жасалады. Инфрақұрылым жаңадан тартылып, нысандар мен үйлерді жөндеуден өткіземіз. Барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары осында келген. Енді, жұмыстар 17 секторға бөлініп жүргізіледі. Әрбір облыс өздерінің жауапкершілігін біледі. Жұмыстың көлемін де түсініп отыр. Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым, инженерлік құрылымдар, мектептер мен ауруханаларды жөндейміз. Оның бәрі бір айдың ішінде дайын болады. Бірқатар облыс әкімдері осында келіп, жұмыстарын бастап жатыр», - деді Асқар Мамин.


Өз кезегінде Арыс халқының тұрғындары Премьер-Министрге жасалып жатқан қамқорлық пен көмекке дән ризашылықтарын білдірді. Бір кісідей жұмылып, қол ұшын беріп жатқан барша қазақстандықтарға да алғыстарын айтты.


Сондай-ақ Үкімет басшысына биылғы жылы мектеп бітірген түлектерге тегін білім алуға қолғабыс жасалса деген тілектерін жеткізді.


 




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

сенбі, 29.06.2019, 14:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31