Мәселе

Президент «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған алқалы жиынның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.


Президент өз сөзінде «Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті», - деді.


Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынасының есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болмақ. Осындай игі бастамаларды іске асыру – қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығаратынын Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды.


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


– Алдымен «Азия қаламгерлері» форумы шығармашылық қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде қуатты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіл әлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындаған жөн. Әлемдегі әйгілі сыйлықтар секілді бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салуымыз керек.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы біздің халқымыз рухани мұраларын сақтап, ұлттық тарихын зерттеуге, мәдениетті жан-жақты қолдауға әрдайым мән беретінін, бұл берік ұстаным тәуелсіз Қазақстанда жаңа сипат алып жатқанын тілге тиек етті.


Атап өтейік, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған форум 300 ақын-жазушының басын қосты. Оның ішінде Азияның 38 елінен 70-ке жуық қаламгер, олардың арасында Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN жүлдесінің лауреаттары, жазушылар одағы мен қауымдастықтардың төрағалары бар.




 




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 00:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30