Президент жамбылдық оқушының жазған хатына жауап берді

26 ақпан 2022, 09:29

Жамбылдық оқушының жазған хатына Президент жауап берді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылындағы «Мөлдір» балабақша – мектеп гимназиясының 2-сынып оқушысы Жібек Исабек жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атына жүрекжарды тілегін жазған болатын.

 

 

Сабақ үлгерімі жақсы, озат оқушылардың бірі – Жібектің жүрегі де мейірімге толы. Оның хаты Мемлекет басшының қолына тиген.

 

 

Ел Президенті Жібекке жазған хатында жамбылдық оқушының хатын аса ризашылықпен оқығанын айтқан.

 

Маған жолдаған ыстық лебізің үшін рахмет. Сенің ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, еліміздің парасатты перзенті атанатыныңа кәміл сенемін. Біздің бүгін қолға алып жатқан жұмысымыздың барлығы да жарқын болашағымыздың иесі – Өздеріңе арналады. Сондықтан сабағыңды үздік оқып, ұстаздарың мен анаңның берген тәлім-тәрбиесін бойыңа сіңіріп, мақсатқа ұмтылудан жалықпа. Отбасыңның қашан да мақтанышы болып, жетістіктерге жете бер, айналайын! Анаң мен бауырыңа менен сәлем, – деп жазды Мемлекет басшысы.

 

 

 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы Жамбыл ауданының оқушысына ноутбук тарту еткен.

 

Өз кезегінде хаттың иесін бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қабылдап, ізгі ниетін көрсеткен Бердібек Машбекұлы Жібекке смартфон мен кітап сыйға тартты.

 

Мұндай хатты жүректі қыз жазады, – деп таңданды облыс әкімі Бердібек Машбекұлы.

 

 

 

 

BAQ.KZ