Мәселе

Президент жастар саясаты саласына ерекше назар аударды – Балаева

  • https://strategy2050.kz/

    https://strategy2050.kz/

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгінгі Парламенттің жалпы отырысында айтылған мәселелерге қатысты ойымен бөлісті.

 

Бүгін Мемлекет басшысы Парламенттің VII шақырылымының бірінші сессиясын ашу барысында азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясатын жандандыру, онлайн-петицияны заңнамалық бекіту сияқты мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарына кезекті рет тоқталып өтті. Бұл бағыттардағы жұмыстың сапалы іске асуы &ndash бірінші кезекте елімізде демократия принциптерінің жүйелі дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз,-дейді ол.

 

Сонымен қатар, ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аталған салалардағы жұмыстың заңнамалық тетіктерін реттеу бойынша белсенді жұмыс атқарып келе жатқанын жеткізді.

 

Атап айтқанда, біздің Министрлік қоғамдық бақылау жөніндегі Тұжырымдама мен Заң жобасын әзірледі. Заңнамалық база &ndash азаматтық қоғамның жұмысын ары қарай жандандырып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, Министрлік жанынан 71 адамнан тұратын үлкен Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында Евгений Жовтис, Татьяна Зинович, Акиф Сүлейменов, Рустам Ашигалиев, Зауреш Батталова сияқты басқа да кәсіби құқықтанушылар мен сарапшылар бар,-деді Балаева.  

 

Сөз арасында ол Президент жастар саясаты саласына да ерекше назар аударғанын айтты. Атап айтқанда, «Жастардың даму индексі» жүйесін енгізуді және «Жастардың әлеуметтік қызметтері» ұғымын заңмен бекітуді тапсырған.

 

Бүгінгі таңда, біздің Министрлік еліміздің барлық өңіріндегі жастар саясатына қатысты мәселелерді анықтап, оларға жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізуде. Бұл өз кезегінде жастар саясаты саласындағы заңнамалық нормаларды сапалы әрі тиімді әзірлеуге өз септігін тигізетін болады. Бұл орайда, депутаттық корпус пен Министрлік арасындағы өзара байланыс алдағы уақытта да өзара әріптестікте жалғасып, Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді уақытылы әрі толығымен орындауға мүмкіндік береді деп сенемін,-деді министр.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 1532    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 13:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28