Президент Тоқаев қоғамның масылдығы туралы айтты

05 қазан 2022, 17:43

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуде мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

 

Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті, — деді Президент.