Мәселе

Прокуратура: "ШҚО-да бизнесті заңсыз тексергендер анықталып жатыр"

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президенттің бизнесті тексеруге мораторий жариялау туралы Жарлығы қолданысқа енгізілді.

 

Жарлық талаптарының сақталуын облыс прокуратурасы ерекше бақылауға алған. Атап айтқанда, өткен жылы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 91 тексеруі заңсыз деп танылған екен. Олар уәкілетті органның шұғыл хабарламаларынсыз жүргізілген болатын.

 

Осы жылы уәкілетті органдардың тексеру кестесінен 2 шағын кәсіпкерлік субъектісі алынып тасталды.

 

Мысалы, Глубокое санитарлық-эпидемиологиялық қадағау басқармасы осы жылдың бірінші жартыжылдығында «Нефрит 13» ЖШС шағын бизнесті тексеруін жоспарлаған.

 

Сондай-ақ, Өскемен қаласының ТЖ басқармасы шағын кәсіпкерлік өкілі болып табылатын «Азамат» жеке меншік балабақшасына заңсыз тексеру жұмыстарын жоспарлапты.

 

Алайда Прокуратураның қадағалау актілері бойынша аталған кәсіпорындар тексеру тізімінен шығарылып, кінәлілер жауапкершілікке тартылды.

 

- Жұмыс заңсыз тексерулерді анықтауға және осындай фактілердің алдын алуына бағытталған. Бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында прокуратурада ұтқыр топтар және СоІІ-орталық жұмыс істейді, олардың телефон нөмірлері облыс прокуратурасының сайтында орналастырылған, - деп хабарлайды ШҚО Прокуратура баспасөз қызметі.

 

 

 

altaynews.kz




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 19:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31