Мәселе

ПТР-анықтамасыз келген 747 шетел азаматы кері қайтарылды

  • ПТР-анықтамасыз келген 747 шетел азаматы кері қайтарылды

    ПТР-анықтамасыз келген 747 шетел азаматы кері қайтарылды

Бір тәулік ішінде «Үрлітөбе» бекетінде COVID-19-дың 3 расталған жағдайы (симптомсыз) анықталды.

ҚР Мемлекеттік шекарасының Павлодар облысының аумағындағы бөлігінде 4 автокөлік өткізу пунктінде, азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні 14 014 ПТР-зерттеу жүргізіліп, COVID-19-дың шеттен әкелінген 108 жағдайы тіркелген. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Шектеулер шаралары енгізілген сәттен бастап Павлодар облысына 52 133 адам (орташа есеппен тәулігіне 150-400 адам), оның ішінде 32 980 - халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер және 19 153 жолаушы келген.

ПТР-тексеру үшін карантиндік стационарларға 1 915 ҚР азаматы орналастырылған. Анықтамасыз келген 747 шетел азаматы шекарадан кері қайтарылды.

Соңғы тәулікте шекарадан 303 адам өтті (118 жаяу, 185 жүк көлігінің жүргізушісі), карантиндік стационарға 5 қазақстандық орналастырылған.

Бір тәулік ішінде «Үрлітөбе» бекетінде COVID-19-дың 3 расталған жағдайы (симптомсыз) анықталды. Үшеуі де екі жақты жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер. Екеуі Павлодар қаласының және біреуі Петропавл қаласының тұрғындары.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 14 қаңтарында ПТР талдауының теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматына елге кіруіне тыйым салынды.




Көрілген: 1691    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 17:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28