Мәселе

Рахым Ошақбаев демалыс базасында болған өрт кезінде екінші қабаттан секіріп кетті

  • Рахым Ошақбаев демалыс базасында болған өрт кезінде екінші қабаттан секіріп кетті

    Рахым Ошақбаев демалыс базасында болған өрт кезінде екінші қабаттан секіріп кетті

Танымал экономист әйелімен және кішкентай қызымен демалып жүрген
Рахым Ошақбаев 30 тамыз күні Павлодардағы «Усадьба» демалыс кешенінде болған өртте әйелімен бірге екінші қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бизнесмен өрт болған кезде демалыс кешеніндегі қонақүйде жары Әлиямен және қызымен бірге болған. Рахымның әйелі Әлия өрт кезіндегі суреттерді Instagram парақшасының сторисінде бөлісті. Түнгі екіде басталған өрт салдарынан ағаштан салынған демалыс кешені толықтай жанып кеткен. Azattyq Rýhy тілшісі Рахым Ошақбаевқа хабарласып, өрттен кейінгі жағдайы туралы сұрап білді.

«Аллаға шүкір, бәрі аман. Бәріміз балкон арқылы қауіпсіз жерге шығып үлгердік. Жедел жәрдем көмегіне жүгінген жоқпыз», - деді бизнесмен.

Павлодар облысы ТЖД AR редакциясына берген мәліметінше, алапат өрт кезінде адам шығыны тіркелген жоқ.

«30 тамыз күні түнгі сағат 2:29-да Павлодар қаласындағы «Усадьба» қонақүй кешені мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түсті. Шамамен, 200 шаршы метрлік ағаш кешен толықтай жанып кетті. Өздігінен 7 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер өрт гидрантынан магистральді желі төсеп, сыйымдылығы 80 л газ баллонын қауіпсіз жерге көшірді.

Өрт таңғы сағат 6:34-те ауыздықталып, сағат 7-ден 5 минут кеткенде толықтай тоқтатылды. Өрт кезінде зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында жеке құрамның 34 қызметкері мен Павлодар облысы ТЖД-нің 11 дана техникасы, «102» қызметі, қалалық электр желісі, ТКҚ, «Водоканал» ЖШС жұмыс істеді», - деп пікір білдірді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз өкілі.




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2020, 05:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31