«Райымбектің» «Алтын Орда» маңындағы бөлігі жыл соңына дейін жөнделеді

09 қазан 2021, 16:50

Іргеліге бұрылатын айналма жол қарашада ашылады.

 

Райымбек даңғылының қайта бойындағы Ақсай өзеніне салынған көпір мен үш жол үсті өткелінің құрылысы аяқталды. Жолға жаңа асфальт төселіп, төрт жолақтан он жолаққа кеңейтілді (жолдың ұзындығы — 4 км).

 

Aport Mall сауда орталығы маңындағы жаңа айналма эстакада ашылды.

 

Kolesa.kz тілшісіне ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті хабарлағандай, 4 жолақты негізгі магистральды эстакаданы (Іргеліге бұрылыста) іске қосу үшін тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның құрылысы қараша айында аяқталады.

 

Жоспар бойынша, биыл жыл соңына дейін Райымбек даңғылының жөнделген бөлігінде көлік қатынайды.