Референдум: бөлінген ақша қайда жұмсалады?

17 мамыр 2022, 18:09

Референдумге бөлінген қаржының едәуір бөлігі қызметкерлердің жалақысына жұмсалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шамамен 79 процент немесе 12 млрд теңге. Қалған 21 проценті үгіт-насихат жұмыстарына және сайлау учаскелерін жабдықтауға бағытталады.

 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина осылай деді.

 

Тиісінше жұмыскерлердің орташа айлық көлемі 275 мың теңгеден жоғары болады. Референдумның өтуіне 70 мыңнан астам маман жұмылдырылады.

 

Жалпыхалықтық дауыс беру үшін 10 мыңнан астам арнайы орындар ашылады. Учаскелер таңғы сағат жетіден кешкі 8-ге дейін ашық болады.

 

Шамамен 12 млн қазақстандық дауыс беру құқығына ие.