Референдум күні кейбір өңірлерде көше бойындағы көлік тұрақтары тегін болады

03 маусым 2022, 12:29

5 маусымда республикалық референдум өткізілетін күні "Алматыспецтехпаркинг" ЖШС әкімшілік ететін қала көшелерінің бойындағы барлық тұрақ және "Alan Parking" ЖШС әкімшілік ететін қаланың барлық алаңдық тұрақтары тегін болады.

Алматыда референдум күні ақылы көше тұрақтары тегін болады. Бұл туралы Aparking хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Әлеуметтік желілерде жұма күні жарияланған хабарландыруға сүйенсек, 5 маусымда республикалық референдум өткізілетін күні "Алматыспецтехпаркинг" ЖШС әкімшілік ететін қала көшелерінің бойындағы барлық тұрақ және "Alan Parking" ЖШС әкімшілік ететін қаланың барлық алаңдық тұрақтары тегін болады.