Мәселе

Ресей сақ қорғанынан табылған жылқы мен адам денесін тірілтуді қолға алды

  • Ресей сақ қорғанынан табылған жылқы мен адам денесін тірілтуді қолға алды

    Ресей сақ қорғанынан табылған жылқы мен адам денесін тірілтуді қолға алды

Сібір жазығының оңтүстік жағынан осыдан 3000 жыл бұрын жерленген сақ қорғандары табылды. Енді Ресей басшылығы сақ жауынгерінің әскери өнерін тану үшін қабірде жатқан мәйіттерді тірілтіп, клон жасауды қолға алмақ. Мұны Ұлыбританияның The Sun басылымы жазды.

Скиф сарбазының мәйітін қалпына келтіруді ұсынған – РФ президенті В.Путиннің жақсы досы, серіктесі қазіргі Қорғаныс министрі Сергей Шойгу.  

Ал қорғанның өзі Тува Республикасынан, тоба хандары жатқан аңғардан табылған. Археологиялық қазба жұмыстары осыдан 3 жыл бұрын басталған. Ғалымдар патшалар қорғанынан сақ жауынгерлерінің мұздатылып жерленген мәйіті мен жылқыларын тауып, орыс және швед ғалымдары қызу зерттеуге кірісіп кетті.


Аталмыш археологиялық нысанды көруге келген Шойгу Орыс географиялық қоғамы отырысында сақ жауынгерлерін тірілту мен оны мәңгі сақтап қалудың жолын табуды ұсынды.

«ДНК-ны сақтап қалатын органиканы тапсақ, жақсы болар еді. Долли қойы сияқты тірілтіп, соған ұқсас дүние жасау керек», — деген Шойгу отырыста.

Долли қойы дегеніміз – 1996 жылы Шотландияда клон арқылы ұрықтандырылып туылған сүтқоректі. Кәдімгі тірі жануар сияқты, төрт рет қоздап, 2003 жылы ауырып өледі.

Ғалымдардың айтуынша, дәл осы клондау әдісін қолдану арқылы сақ обасында жатқан ежелгі жауынгерлердің мәйітін қалпына келтіріп, өмір бақи сақталып қалатындай формасын жасауға болады.

Қазір ғалымдар жауынгер мәйіттің қалдықтарын мұқият зерттеп, клондауға мүмкіндік берер генетикалық материал іздеп жатыр.

Ағылшын басылымы «Ресей әскери өкілдері сақ жауынгерлерін тірілтіп, әскери қызметке жаратпақ» дейді.

Клондау деген не?

Клондау дегеніміз – тірі жануардың жасушасын (өлген жануардан да алуға болады, бірақ онда органикалық материалы сақталып қалса)  алып, ядролық ДНК құрылымын құрастыруды айтады. Сөйтіп бір биологиялық түрдің бүкіл ДНК-сын құрастырып шығуға болады. Кейін жасуша жұмыртқасын электрлі шокермен ұрады да, содан жасуша бөліне бастайды. Дәл осыны жасушаны әкеп суррогат ананың жатырына салады.

qadam.asia




Көрілген: 4732    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 23:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30