Мәселе

Ресейлік БАҚ қарағандылық сексуалды жас "мұғалімнің" құпиясын ашты

  • Фото: instagram.com/alinaevanss

    Фото: instagram.com/alinaevanss

Қарағандылық сексуалды "ағылшын тілі мұғалімінің" суреттері әлемдік қауымдастықты жаулап алды. Ұстаздың сұлулығына таңданған ерлер қауымы оның сабағына баруды армандап үлгерген. Алайда ресейлік Life.ru порталы шын мәнінде бойжеткеннің өмірі басқаша екенін жазды деп хабарлайды Kaz.nur.kz

Ресейлік БАҚ атап өткендей, 22 жастағы қарағандылық Алина Эванс балаға ағылшын тіліндегі тақырыпты түсіндіріп тұрған сәтте түсірілген суреттермен бүкіл әлемге танымал болған. Көптеген азамат қысқа қара көйлек киген әдемі қызды бірден байқапты. Жастар таңданысын білдіріп, оның сабағына қатысқысы келетінін де айтқан еді. Алайда олардың арманы орындалмады. Десе де, кейбіреулер оның киіміне бірден назар аударып, шынымен мұғалім екеніне күмәнданған. Басылымның мәліметінше, бұл фотосуреттер сахналанған болып шықты. Алина шын мәнінде мұғалім емес. Бойжеткеннің айтарлықтай ештеңемен айналыспайтыны, тек "бүкіл әлемді шарлап, сәнді демалыс орындарында демалатыны" атап өтілген. Instagtam-да оның өмірін 170 мыңға жуық адам бақылайды екен. Life.ru қарағандылық арудың сәнді өмір сүретінін, желіде қымбат әтір, фирмалық киім мен элиталық алкогольді көрсететінін, үлкен гүл шоқтарын жиі суретке түсіретінін хабарлады. 

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары кадр сыртындағы жас жігітке назарын аударды. Суреттегі сәнді көлікке қарағанда оның таршылық көрмей өмір сүретінін аңғаруға болады. Айта кетейік, жас "мұғалімнің" айналасындағы дау 2017 жылы пайда болды. Осы кезде Алинаның мектеп формасы мен 2016 жылғы түлектің лентасымен түскен фотосуреттері жарияланды. 




Көрілген: 2608    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31