Ресейлік Tik Tok жұлдызы қазақстандықтардан кешірім сұрады

23 мамыр 2022, 09:19

Бұл туралы Tik Tok жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Даня Милохин мен Аня Покров "қазақтардан" кешірім сұрап, Қазақстанға уақытша келгендерін айтты.

 

Қазақтар, мен сендердің жақсы көремін. Сендерге тіл тигізу ойымда да болған жоқ. Байқаусызда ренжітіп қойсам, кешірім сұраймын, — делінген жазбада.

 

 

instagram.com/danya_milokhin/

 

Егер ренжіткен болсақ, кешірім сұраймыз. Біз бұлай болғанын қаламадық. Менің қазақ достарым көп, оның үстіне біз бұл жаққа уақытша қонаққа келдік, — деді Аня Покров.

 

Аня Покров Қазақстанға әкесімен бірге келген көрінеді. Қазақстан пейзажының фонында әкесімен түскен суретті жүктеп, "Мен Қазақстанға ғашық болдым" деген жазба қалдырды.