Мәселе

Республикалық маңызы бар жолдардың 45 пайызы ақылы болады

  • Республикалық маңызы бар жолдардың 45 пайызы ақылы болады

    Республикалық маңызы бар жолдардың 45 пайызы ақылы болады

Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық маңызы бар жолдардың 11 мың шақырымына немесе жалпы желінің 45% - ына ақы алу жүйесін енгізу жоспарлануда.

 Өздеріңіз білетіндей, төлем алу жүйесі ұзындығы 682 км болатын 4 учаскеде (Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас) енгізілді. 2020 жылы алымдар 5,7 млрд. теңгені құрады, -деді ол.

 Абдулиннің мәлімдеуінше, инвестормен («Computer Vision Technologies» ЖШС) жасалған шарт шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде төлемақы алу жүйесін орнату және оған қызмет көрсету бойынша 2024 жылға дейін 200 бірлік аралық бақылау аркаларын, 45 бірлік клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі орталықтарды, мониторинг орталығын және 2 бірлік деректерді өңдеу орталығын құру көзделген.

2021 жылы ұзындығы 5,8 мың км учаскелерде 94 бірлік бақылау аркаларын орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Әрбір бақылау аркасында мынадай құрамда бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылды. Олар бекіту камералары, шолу камералары, өнеркәсіптік компьютер, лазерлік қашықтық өлшеуіш, RFID еспетеуіш және т. б, -деп атап өтті «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.


BAQ.KZ




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 15:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30