Мәселе

Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында су басу салдарынан зақымдалған тұрғын үйлерді, әлеуметтік мақсаттағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

 

Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай салдарын жою жұмысымен танысып, Төле би ауданының ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында зардап шеккен елдімекендердің тыныс-тіршілігін тез арада қалпына келтіру үшін билік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы су басқан аумақтарды аралап шықты.

 

 

 

Сапар барысында Мырзакент кентіндегі жеке меншік тұрғын үйлердің құрылысын салуға бөлінген 70 га жер учаскесіндегі жаңа шағын ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тексерілді. Үкімет резервінен тұрғын үй салу, инженерлік-инфрақұрылымдық шығыстарды қамтамасыз ету, су құбыры желілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қаражат көзделген.

 

 

Жаңа шағын ауданның құрылысына 32 мердігерлік ұйым тартылған, 313 үйде құрылыс жұмысы басталды. Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде.

 

 

Роман Скляр зақымдалған үйлерді, су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 09:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30