Мәселе

Рудный қаласында 330 млн теңгеге былтыр ғана салынған аттракцион алынып тасталмақ

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қостанай облысының Рудный қаласында 330 миллион теңгеге былтыр ғана салынған шолу дөңгелегі қайта бөлшектеліп, алынып тасталмақ.

Ауданаралық экономикалық сот осындай шешім шығарды.

Бұл аттракцион айналасындағы дау-дамай өткен мамыр айында басталған болатын. Шолу дөңгелегінің кабиналары жоғары биіктікте желмен қаңбақша қаңғалақтап, өздігінен шыр айналған. Оны көрген жұрттың зәресі кетті. Қоғам өкілдері бірден сотқа шағым түсірген. Содан кейін шолу аттракционын пайдалануға тыйым салынған.

Бұл нысанға тапсырыс беруші – Рудный қалалық әкімдігінің құрылыс бөлімі. Салушы мердігер – «Алатаугорстрой» серіктестігі.

Мемлекеттік сатып алуға қатысқан осы қос тарап енді шолу дөңгелегін бөлшектеп, алып тастауға міндетті. Облыстық экономикалық соттың үкімі осындай.

Бірақ көңілде көп күдік қалды. Адам өміріне қауіпті, талапқа сай келмейтін қымбат аттракцион қайдан алынды. Жұмысты қабылдап алғандар қайда қараған? Ол жағы жұмбақ болып қалды.

Олег Матвеев, тұтынушылардың құқын қорғау орталығының өкілі:

– Бұл барып тұрған сорақылық. Сорокин деген сарапшы осы шолу дөңгелегінің екі кабинасын таразыға салып өлшеген. Олардың салмағы да, техникалық жағдайы да талапқа сай келмейтін болып шықты. Неге сай емес дейсіз ғой, себебі елге заңсыз әкелінген. Сондықтан құжатқа қол қойып, қабылдап алған өкілетті орган өкілдерінің де бұл жерде кінәсі бар.

 24.kz




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31