Мәселе

Сабақты үйдің шатырына шығып, оқып жүр

  • Сабақты үйдің шатырына шығып, оқып жүр

    Сабақты үйдің шатырына шығып, оқып жүр

Атырау облысындағы Ескене, Таскескен ауылдарының оқушылары күніне бірнеше сағат үйдің төбесінде отыруға мәжбүр, – деп жазады 24.kz.

 

Cебебі, Атырау облысы Мақат ауданына қарасты бұл ауылдарда интернет байланысы өте нашар. Ал білім алу үшін қашықтан оқу керек. Ауыл тұрғындары жаңа оқу жылында осы бір өзекті мәселені елемеген жергілікті биліктің бейқамдығына наразы.

 

Ескенеде – 22, Таскескен ауылында – 6, №441 разъезде 2 оқушы тұрады. Бұл ауылдардағы ұялы байланыстың жылдамдығын арттыру үшін жауаптылар «Қазақтелекоммен» келісім жасасқан. Бірақ кейін олар бұл ауылдар шалғай әрі ондағы халық саны аз болғандықтан, тиімсіз деп бас тартыпты.

Ескене ауылының тұрғыны Серік Тұрланов: «Бізде интернет мәселесі алаңдатады. Интернет жоқтың қасы деуге болады, ұстамайды. Бұрын аздап билайн ұстайтын еді. Осы күні ол да ұстамай қалды. 2 жиенім бар, көршілерімде кем дегенде 3-4 баладан оқиды. Теміржолдың осы бетінде 14 үй тұрады. Бұрын Доссор интернетта оқитын еді. Енді олармен байланыс та жоқ, оқу да жоқ, сабақ та жоқ», – дейді.


Aikyn.kz




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 09:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31