Мәселе

Сағаты 150 мың теңге: Елорданың элиталы жезөкшелері кімдерге қызмет етеді?

  • Көрнекі фото: TVNET Rus

    Көрнекі фото: TVNET Rus

Елордалық элиталық жезөкшелер бай-бағландармен шетел асып, сағатына 150 мың теңгеден табыс табатын болып шықты. KAZ.NUR.KZ тілшісі ғаламторда толып тұрған "түнгі көбелектер" телефонына қоңырау шалып, олардың бір күндегі табысын біліп көрді.


Телефон тұтқасында өзін "Әмина" деп таныстырған бойжеткен әзірге тек қала ішінде ғана қызмет ететінін жайып салды.


Айтуынша, элиталы жезөкшеге айналу үшін оған әлі талай уақыт керек екен.


"Өзім Шымкенттенмін. Әке-шешім мұндай тірлікпен айналысып жүргенімді білмейді. Жасым 19-да, мұндай жұмысқа ақшаның жетіспеушілігінен шықтым. Осындағы колледждердің бірінде студентпін.

Негізі сағатына 50-100 мың теңге аралығында аламын. Егер қаланың ішінде болса 50 мың, ал сыртқа, коттедждерге шықсақ 100 мың теңгеге жуық аламыз.


Бұл кәсіпке құрбым алып келді. Қазір екеуміз қалада пәтер жалдап тұрамыз. Ал элиталы жезөкшелер шетелге жиі барады деп естимін. Әсіресе Дубайға жиі қатынайтын көрінеді.


Бізге әлі ондай "дәрежеге" жету үшін, біраз уақыт керек. Себебі олар тек өте ауқатты, бай адамдарға ғана қызмет көрсетеді", - деп түсіндірді бойжеткен.


Ал ғаламторда аты-жөндері толып тұрған тағы бір жезөкшеге хабарласқанымызда сағатына 150 мың теңге алатынын айтты.


"Бойым 170, салмағым 53. Сайтта мен туралы барлық мәлімет бар. Бағасын да көріп отырған шығарсыздар. Элиталы деген санат та көрініп тұр. Сол себепті мен тек Дубай, Украина сияқты шетелдерге ғана шығамын. Басқа сұрақтарға жауап бере алмаймын", - деп қысқа қайырды бойжеткен.


Ал жасы 17-дегі тағы бір қыз аталмыш қызметке енді ғана келгенін жеткізді.


"Мен бұл кәсіпке енді келдім, сайтта мен жайлы барлық мәлімет бар. Сағаты шамамен 30-50 мың теңге арасы болады. Алдын-ала хабарласып, нақты ұсыныс түскенде ғана жұмыс істеймін. Себебі тапсырыс көп", - деп жауап берді бойжеткен. 


 




Көрілген: 7440    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31