Мәселе

Сағынтаев Байбек туралы: істеген шаруаларын айтпай-ақ қояйын

  • © sputnik

    © sputnik

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің атқарған жұмысына баға бере алмайтынын айтты, деп хабарлайды sputnik тілшісі.


Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Бақытжан Сағынтаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылдың 10 айындағы қорытындысын баяндады. Кейін журналистер әкімге сауал қойды.


"Бұрынғы әкім Бауыржан Байбек мырзаның тағы қандай олқы жобаларын жөндеп жатырсыз? Байбек мырзадан мұра болып қалған тиіннің тағдыры не болмақ? Тиін жобасына 39 миллион теңге жұмсалды ғой. Сіз осыны алып тастайын деп жатыр деген ақпарат бар", - деді БАҚ өкілі.


Осы орайда қала басшысы бұрынғы әкімнің жұмысына жауап бере алмайтынын жеткізді.


"Қазақтың "Өгізге туған күн бұзауға да туады" деген жақсы сөзі бар. Сол себепті Бауыржан Байбек мырзаның істеген шаруаларын айтпай-ақ қояйын. Әркім өз жұмысына жауап берсін. Жаңа қызметке келген адам өзінің жұмысын ары қарай жалғастырады", - деді Бақытжан Сағынтаев.


Кейін ол тиін мәселесіне тоқталды.


"Барлық мәселе тиінге келіп тірелсе, мен оған қуанамын. Яғни басқа жұмыс өз орнында болғаны ғой. Жұрттың көңіл-күйі орнында деген сөз. Тиін – жеке жоба. Ол сабаннан жасалған. Оны өздеріңіз білесіздер. Оның тозығы жеткен", - деді қала әкімі.


Оның айтуынша, бүгінде бұл жобаның жетекшілері қалалық басқармаға хабарласып, өз ұсынысын айтып жатыр.


"Яғни жобаны жандандыру мәселесі бойынша желтоқсан айында жобалар ұсынылады. Тұрғындар келіссе, бізде қарсылық жоқ. Егер болмаса, басқа шешім қабылданады", - деді Бақытжан Сағынтаев.


 




Көрілген: 1202    Пікірлер: 0

жұма, 29.11.2019, 16:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31