Мәселе

Сағынтаев карантин кезінде алматылықтарға қандай жеңілдік жасалатынын айтты

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматы тұрғындары наурыз бен сәуір айларында коммуналдық қызметтер үшін ақша төлемейді. Әкімдік монополистермен келісіп, екі айдың төлемін кейінге қалдырып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Алматы әкімі коронавирустың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату үшін қалада қатаң шектеу шаралары қолға алынғанын атап өтті.

 

"Сауда орталықтарының, киім-кешек базарларының, мектептер мен балабақшалардың, кафелердің, түрлі салондардың және басқа да қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтатуға тура келді. Біраз жұрт ақысыз еңбек демалысына кетуге, енді бірі қысқартуға ілікті. Бұл жағдай аз қамтылған және жұмыссыз жүрген жандарға ауыр тиді", - деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

 

Айтуынша, әкімдік қиын жағдайға тап болған алматылықтарды қолдау үшін монополистермен, лифт пен қоқысты шығаруды қоса алғанда, барлық коммуналдық қызмет бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы келісімге келген.

 

"Наурыз және сәуір айларына келген түбіртектерді жыл соңына дейін төлеуге болады. Бұл ретте кешіктіргені үшін өсімақы мен айыппұл есептелмейді", -деді қала басшысы.

 

Сондай-ақ, карантин кезінде берешегі бар тұтынушылар электр, су, жылу, газ және телефон байланысынан ажыратылмайды.


 




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31