Мәселе

Сақ бол: Жастар баспанасына қатысты алаяқтар көбейген

  • https://almaty.tv/kz

    https://almaty.tv/kz

Алаяқтардан абай болыңыз. Алматыда жастарды жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы басталысымен, «құжатыңды өткізіп беремін» деп уәдені үйіп-төгетін делдалдар көбейіпті. Ал өтінім беру тек қана электронды түрде жүретінін айтқан әкімдік өкілдері ешкімге алданып қалмауды ескертеді.

 

Ермек Әміров, Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты тасқарма басшысының орынбасары:

 

- Құжаттарды тапсыру бойынша белгісіз тұлғалардың ақша бопсалап, алаяқтық фактілер туралы ақпарат келіп түсуде. Сол себептен сіздерді екертеміз, барлығынан абай болыңыздар. Барлығы электронды түрде. Өтініш almaty-jastary.info сайтында қабылданады. 

 

Бүгін кезекті кезеңі басталған бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар қатысады.

 

Талапқа сай өтінім беруші кемінде екі жыл Алматыда тіркеуде тұрып, соңғы екі жылда ел аумағында оның атында үй болмауы тиіс.

 

Бағдарламаға кез келген мамандық иесі қатысуға құқылы.

 

Жалға берілетін баспанаға отбасылы жастар да құжат тапсыра алады. Тек ай сайынғы жалақы соңғы жарты жылда 116 мың теңгеден аз болмауы шарт.

 

Ал баспана бес жылға сатып алу құқығынсыз беріледі. Айына бар-жоғы 9 немесе 10 мың теңге аралығында төлейсіз. Демек осы уақыт ішінде жеке тұрғын үй сатып алуға немесе бастапқы жарна жинақтауға мүмкіндік туады.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 08:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31