Мәселе

Сақ болыңыздар! Коронавирус деген тақырыппен компьютер деректерін ұрлайтын спам тарап жатыр

  • © remont-map

    © remont-map

Компьютерлік жағдайларға қатысты әрекет ету қызметі - KZ-CERT электронды пошталарға жіберіліп жатқан зиянды бағдарламаны қамтитын хатты анықтады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Зиян келтіретін бағдарлама - спам AGENTTESLA трояны болып шықты. Алғашқы талдау көрсеткендей, вирус келген компьютердегі мәліметтерін жинап, оны қаскөйдің электрондық поштасына жібереді, атап айтқанда: келген-кеткен деректерді, операциялық жүйенің нұсқасы, модель және процессор жиілігі туралы ақпараттарды алады.

 

Спам sofian@cahayapack.com.my электрондық поштасы арқылы: COVID-19 UPDATE // BUSINESS CONTINUITY PLAN ANNOUNCEMENT STARTING MARCH 2020 деген атаудағы хат түрінде келеді.

 

Ел тұрғындарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сізде спам, фишингтік ресурстар қосымшасы бар күдікті хабарламалар келсе, https://cert.gov.kz/notify-incident немесе https://t.me/kzcert хабарламасын жіберіңіз, сондай-ақ 1400 тәулік бойы жұмыс істейтін желіге хабарласыңыз. KZ-CERT қызметінің мамандары осы зиянды бағдарламаны қосымша зерттейді. Тергеу аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.

 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 11:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31