Сәлем салған тағы бір жігіт жұрттың шамына тиді (видео)

21 желтоқсан 2021, 10:37

Ғаламторда қадам сайын иіліп сәлем салған тағы бір жігіттің әрекеті жұрттың ашуына тиюде.

 

Екі жағынан орамал таққан екі келіншек қолтықтай, ер адамға үй ішіне кіргенше сәлем салдырады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Басына тақия киіп, құмды ауылда тоқтаусыз сәлем салған жігіттің бейнежазбасы Facebook-те жарияланды. Видеода ер адамды екі келіншектің қолтықтай, үй табалдырығын аттағанша сәлем салдырғанын көруге болады. Одан әрі табаққа от жағып, үй ішінде күтіп тұрған әйелдің де қуана қарсы алғанын байқайсыз. Құдды бір күйеу баланы табалдырықтан оң аяқпен аттатып, отқа май құю дәстүрімен қарсы алу ма дерсіз.

 

Күйеу баланың қайын жұртқа сәлем салуы қай өңірдің салты — деп жазылған бейнежазбаға желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдыруда.

 

"Масқара, еркек ешқашан сәлем салмаған қазақта". "Мына екі қатында ұят жоқ екен. Еркектің киесі ұрар". "Келін түсіріп жатыр. Ер бала үйленіп емес, қызға тиіп жатыр". "Келін мен күйеудің орны ауысып кеткен-ау, шамасы". "Қадам сайын сәлем салғаны несі, — деген ашынған жазбаларын жазуда желі қолданушылары.

 

Еске салайық, бұған дейін қолына гүл ұстаған жігіттің кіреберісте бірнеше рет иіліп сәлем салғаны желі қолданушыларының көңілін түсірген болатын.