Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сапарға шығып, сотталды

08 маусым 2011, 17:53

Атырау облысының полиция қызметкерлерi облыс аумағына жалған құжаттармен өткен ТМД елдерiнiң азаматтарын ұстады.
Ресей елiмен шекаралас жатқан Құрманғазы ауданы IIБ-нiң қызметкерлерi «Шеп» шекара бекетiнен облыс аумағына өткен бiр Қырғызстан, үш Өзбекстан азаматын ұстады.
Атырау ОIIД баспасөз қызметiнiң жетекшiсi Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, шекарадан өтушiлердiң құжаттарын тексерген полиция қызметкерлерi олардың құжаттарындағы Ресей елiнен шығу кезiнде соғылған мөрдiң жалған екенiн анықтаған. Қазiргi күнi ел аумағына заңсыз жалған құжатпен өткендер қаладағы қонақүйлердiң бiрiне орналастырылып, олардан ешқайда кетпеу жөнiнде қолхат алынған.
Бүгiнгi күнi оларға қатысты ҚР ҚК-ның «жалған құжат жасау» және «мемлекет аумағына заңсыз өткенi үшiн» баптары бойынша қылмыстық iс қозғау жөнiнде жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.