Мәселе

Сарыағашта 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны Еркінай Есенбаева алты баланың анасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 

Тұңғышын 18 жасында босанған жас ана №1 облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді.

 

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте - сегіз айда босанған. Ана мен бала өміріне қауіп төндірмес үшін дәрігерлер әйелді кесар тілігі арқылы босандырған.

 

Екі ұл мен бір қызды өмірге алып келген жас ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы және дәрігерлердің арнайы күтімінде.

 

Көп балалы ананың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.

 

Сәбилердің салмағы 2170 грамм, 2100 және 2615 грамм.

 

Отбасымен ақылдаса келе нәрестелерге Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін берген.

 

Жас отбасының 1 ұл, 2 қызы бар.

 

Жалпы, Түркістандағы облыстық нөмірі 1-ші перзентханада биыл 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген.

 

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, аймақта туу көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда артқан. Жыл басынан бері өңірде 45030 сәби туған.




Көрілген: 1218    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 14:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30