Мәселе

Сауапты іске жұмылды

  • Сауапты іске жұмылды

    Сауапты іске жұмылды

Қараша айының алғашқы аптасын  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қайырымдылық акциясымен бастауды жөн көрді. Сақшылар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға сондай-ақ мектеп оқушыларына көмек қолын созды.

Аталған мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Айгүл Танашева бастаған сақшылар бұл күні жүрек жылуымен, ізгі тілектерімен және сыйлықтарымен Тараз қалалық әкімдігіне қарасты Құмшағал ауылдық округінің Шөлдала ауылындағы мектепке жол тартты.

Білім ошағындағы 3 бүлдіршінге қажетті қыстық киім, азық-түлік апарып ізгіліктің игі өнегесін паш етті.


Бұдан кейін, жеке құрам қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған тізім бойынша бірқатар жанұяға арнайы барып, қайырымдылық көмек көрсетті.


- Бұл біздің болашағымыз балалар үшін жасай алатын аз ғана көмегіміз. Олардың көздерінен алғыс пен мейірімділікті көру біз үшін үлкен бақыт әрі зор мәртебе, - деді көмек көрсету барысында А.Танашева.


Өз кезегінде сақшылардың жәрдемін көрген отбасы иелері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, мекеме қызметкерлері алдағы уақытта да әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол үшін беру акцияларын жалғастыруды көздеп отыр.


Венера Каракозова,

ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты 




Көрілген: 185    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 10:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30