Мәселе

Саудагерлер балалар алаңын базарға айналдырған

  • Фото: mgorod.kz

    Фото: mgorod.kz

Атыраудың санитария дәрігері ашық базарларда сауда жасауға тыйым салғаннан кейін сатушылар балалар алаңына көшкен, - деп хабарлайды "Мой город".

 

Портал мәліметіне сүйенсек, сатушылар жақында санитария дәрігері сауда жасауға тыйым салған аймақтан қалдағы үлкен ойын алаңдарына көшіп келген. Осындай орындардың бірі Атыраудағы Сәтпаев даңғылындағы балалар алаңы. Онда судагерлер ойыншықтан азық-түлікке дейін сатып жатыр.

 

Қала белсенділері "базарды" байқап, әлеуметтік желілерде жазба жариялаған.

 

Facebook әлеуметтік желісінің Amir bek атты қолданушысы парақшасында суретті жариялап, сипаттамасында қысқаша "жаңа базар" деп жазған. Жазба жағымсыз пікірлер жинаған.

 

"Басқа қалаларда мұндай базарды бірде-бір алаңда кездестірмедім", - дейді Vse detyam оқырманы.

 

Өңірдегі санитария дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес сенбіде ашық базарлар жұмыс істеп, ал жексенбіде жабық болады. Әкімдік өкілдері жағдай назарға алынады деп уәде берді.

 

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 19:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30