Мәселе

Сәуле Әбединованың үстінен "алаяқтық" бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалды

  • © caravan.kz

    © caravan.kz

Белгілі тележүргізуші Сәуле Әбединованың үстінен "алаяқтық" бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалды.


Бұл туралы Yvision.kz сайты хабарлайды.


Басылымның жазуы бойынша, Әбединова аналарға тезірек үй алып беруі үшін көпбалалы аналардан екі миллион теңгеге дейін ақша алған. Алданып қалғанын түсінген аналар тележүргізушінің үстінен шағымданып, полицияға арыз жазған.


Құқық қорғау органдарының инсайдерлік ақпаратына сәйкес, қылмыстық істер қазір тіркелуде. Сонымен қатар, арыз-шағымдар әлі де түсуде.


Ал блогер Құрал Сейтханұлының айтуы бойынша, Сәуленің үстінен бірнеше әйел шағымданған. Әзірге бұл әйелдердің біреуінің ғана есімі белгілі болды.


Сатқынбекова Ұлжалғас деген әйел "2019-жылдың 31-мамыр күні Темирязов пен Жороков көшелерінің қиылысында орналасқан Тұрғын үй басқармасы маңында Сәуле мені митингке шығуға үгіттеді. Егер митингке шықсаң саған үй мәселесін шешіп беремін деп айтты" деп шағым берген.


"Ондай әйел жайында Сәуле де, мен де ештеңе білмейміз. Енді не істейміз? Қазақтың Ақжүнісі Сәулені қалай құтқарамыз достар?", - деп ашынды Құрал Сейтханұлы.


Ал "Ақжүніс аналар" чатында митинг туралы да, қаржы туралы да айтылмағанын көпбалалы аналар жарыса жазуда.


"Ақжүніс аналар чатын да біз де бармыз, митинг туралы айтқан емес", "Сәуле ешқашан митингке шақырған емес және заңнның шеңберінен аспауды бәрімізге айтып отырды", - деп жазды желі оқырмандары.


 kaz.caravan.kz




Көрілген: 5061    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 10:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31