Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Саясаттанушы депутаттардың жұмысын бақылап отыру үшін оларға чип орнатуды ұсынды

14 тамыз 2023, 20:49

Қазақстандық саясаттанушы және белсенді Данияр Әшімбаев халық қалаулыларының жұмысын бақылау үшін оларға чиптерді енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі Politic_kazakhstan-ға сілтеме жасап жазды.

Данияр Әшімбаев бұл ұсынысымен өзінің Telegram желісіндегі парақшасында бөліскен.

 

«Мәслихат институтын жаңғырту аясында депутаттарға арнайы чиптер енгізуді ұсынамын, оның көмегімен сайлаушылар депутаттардың өз округтерінде болуын бақылап, жұмысын қадағалайды», — деп жазған ол.

 

Чип енгізу бойынша осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Дәрімованың ерекше ұсынысы жарияланған болатын. Депутат кейбір отбасынан шыққан «қиын» балаларға чип салуды айтқан еді.

 

«Қиын балаларға чип салу керек дедім. Балаларды ұратындар қоғам үшін қауіпті. Алайда әдеттегідей, бәрі бұрылып, мені мазақ етеді. Жақсы хайп. Менің парақшамда оқырман санын көбейтіңіздер», — деп жазды Гүлжайна Даримова.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz