Мәселе

Сайрагүл Сауытбай адвокаты Абзал Құспан жайлы тағы бір мәлімдеме жасады

  • © facebook.com

    © facebook.com

Адвокатым Абзал Құспаннан бас тартам деген Сайрагүл Сауытбай райынан қайтты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.


Отбасы үшін шекараны заңсыз өтіп кеткен Сайрагүл адвокатымен сөйлесіп, түсінбестік жайттардың барлығын шешкенін айтты.


"Бүгін адвокатым Абзал Құспан хабарласып, барлық жағдайды түсіндірді. Арамыздағы кейбір түсініксіз сұрақтардың барлығына толық жауап берді. Бастаған жұмысымды орта жолда аяқсыз қалдырмаймын, бұл жолды соңына дейін жалғастырамын әрі бұдан үнемі хабарда боламын деп уәде берді. Сол себепті Абзал Құспанмен жұмыс жасай беруге келістік. Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарға жүгініп, мандатты босқын мәртебесін алу үшін адвокатым Абзал Құспанмен бірге жұмыс жасайтын боламыз. Мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының менің осы Біріккен Ұлттар Ұйымынан мандатты босқын мәртебесін алу жұмысыма ықпал етулеріңізді жалынышпен сұраймын", - деген Сайраүл Сауытбай сөз соңында өзіне қолдау білдірген барша қазақ халқына алғысын айтты.


Естеріңізге сала кетейік, Сайрагүл Сауытбай кеше ғана адвокаты Абзал Құспаннан бас тартқанын ресми түрде хабарлап, видеоүндеу жариялаған болатын.


 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30