Мәселе

Семей полицейлері қайтыс болған адамның банк картасындағы ақшасын шешіп алған

  • Семей полицейлері қайтыс болған адамның банк картасындағы ақшасын шешіп алған

    Семей полицейлері қайтыс болған адамның банк картасындағы ақшасын шешіп алған

Қайтыс болған азаматтың әйелі полицейлер ақша ұрлап қана қоймай, оны ұрып-соққанын мәлімдеді.

Семей қаласында Р. Карашев есімді адам қайтыс болады. Сөйтіп тергеу жұмыстары басталып, іс жүріп жатқанда оның банк картасынан ақша ұрланғаны анықталады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ұрлықтың бұл фактісі бойынша іс Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша жүргізіледі. Қазір Семей қалалық Полиция басқармасының бірқатар қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Ақша ұрлау фактісі бойынша түпкілікті жазаны сот айқындайды,

—деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Қайтыс болған азаматтың әйелі полицейлер ақша ұрлап қана қоймай, оны ұрып-соққанын мәлімдеді.

"Жәбірленушінің әйелі айтқан деректер жан-жақты зерттеліп, тексерілді. Ұрлыққа қатысы бар қызметкерлердің оны ұрып-соққанына негіз бен мен дәлел жоқ. Р.Қарашевтің қайтыс болу фактісі Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеліп жатыр. Кешенді сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Сол кезде оның нақты неден қайтыс болғаны анықталады. Сараптама нәтижелерінен кейін тиісті процестік шешім қабылданады. Тергеу барысын прокуратура қадағалап, бақылайды", — деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.




Көрілген: 999    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.10.2021, 12:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31