Мәселе

Семейде «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесінің құрылысы аяқталды

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Семейде «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Алматы облысы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Семей қаласына осындай тарту жасады. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталған. Жобаға сәйкес, көшенің ұзындығы &ndash 2 100 метр. Көше бойына қырлы табиғи тастар төселген. Орындықтар қойылып, балалар алаңқайы және спорт алаңдары салынды. Көше жарықтандырылды. Сондай-ақ ұзындығы 1600 метр болатын веложол да «Абай жолына» кіреді. Жалпы айтқанда, Әуезов даңғылы мен Селевин көшесі қиылысынан бастап ет комбинатына дейінгі аумақ түгел жаяу жүргіншілер көшесіне айналды. Көше бойында Абайдың нақыл сөздері жазылған жеті стела қойылғанын айта кету ләзім. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталуға жақын қалды.

 

&ndash Алматы облысынан геодезистер келіп топографиялық түсірілім жасауда. Нысанды қабылдап алу тобы келді. Одан кейін оны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаментіне өткізеді, &ndash дейді өндірістік жұмыс жетекшісі Рафаил Хазипов.

 

Айта кетейік, бұл жобаға 600 миллион теңге бөлінген.

 

 

 

 




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 02:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30