Мәселе

Семейде екі бала компьютерлік ойындар үшін үш күн бойы клубта қонған

  • Семейде екі бала компьютерлік ойындар үшін үш күн бойы клубта қонған

    Семейде екі бала компьютерлік ойындар үшін үш күн бойы клубта қонған


Семейдегі ахуалды қалалық полиция басқармасы қылмыстық бөлімінің қызметкері Асқар Тықанов қазіргі уақытта жастардың не себепті көп жоғалып кететінін айтып берді деп хабарлайды Altaynews.kz.



 


 

Көрнекі фото: easports.com

Көрнекі фото: easports.com


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


Тықановтың сөзінше, осы жылы Семейде жоғалуға қатысты 27 факті тіркеліпті.


Тәртіп сақшысы олардың 20-сы табылғанын жеткізді.


"Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмағандардың жоғалып кетуі ушығып тұр. Көбіне құмар ойындарға байланысты. Құмарлыққа салынуға үйдегі ахуал көбірек әсер етеді", - деді ол.

Тықанов бәс тігетін жерлерге кәмелеттік жасқа толмағандарға кіруге тыйым салынғанымен, ақшаның шетін көрген кейбір кеңселер олардың жасына қарап жатпайтынын алға тартты.


"Осы жылдың ақпан айында мынадай оқиға болды. Полиция басқармасына 14 пен 15 жастағы балалар жоғалғаны туралы шағым түсті. Үй іші бірер күн іздемегенге ұқсайды. Біз іздестіру барысында оларды компьютерлік клубтан таптық.
Анықталғандай, екеуі үш күн бойы сонда қонып, сонда ойын ойнап жүріпті. Ойнау ақысын төлеу үшін қолда бар бағалы заттарын сатып жіберген екен", – деді Асқар Тықанов.

Сонымен қатар мамандар жастар компьютерлік клубқа UFC сынды атыс-шабыс ойындар үшін баратынын, мұның бала психологиясына қалай әсер етіп, оның бойында жауыздық қасиеттерді тудыратынын шыр-пыр болып айтып жүр.


"Ойын болса да, компьютермен қанды судай ағызып қылыштасқан, жұдырықтасып көрген балалар күні ертең екіталай жағдай болса адамды аямайды", - дейді олар.


 






Көрілген: 665    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30