Сен «низкий поступок» жасадың. Ильин қазақша сауал берген журналиске осылай жауап қатты

06 қазан 2022, 14:52

«Низкий поступок» жасап келдім. Отандық спортшылардың жиынына қатысқан Хабар 24 журналисі Аслан Қаженов өзінің ана тілінде ақпарат ала алмай, қорлық көргенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, іс-шарадағылардың көбі қазақстандық болғанымен, отырыс 90 пайыз орыс тілінде өткен.

 

Артынан «неге қазақша ақпарат бермейсіздер?» деп, ұйымдастырушылардың мазасын алып жүрсем, бұрышта отырған Илья Ильин «сенің жасап жүргенің низкий поступок» дейді.

Төменсің дегені ғой. Өзім солай қабылдадым.

Ауылдан шығып алып, неге әңгіме айтып тұрсың деген сияқты.

Ана жерде қан басқа шапты. Мен өз елімде  өз тілімде ақпарат ала алмай аузым ұрылып тұрғанда мақтаулы ауыр атлетіміз осылай сөзбен періп қалды.

Не деген сорлымыз? Расымен де мал, яки, мамбет болып тұрмыз ғой, – деп жазды Аслан Қаженов.